Балабақша туралы мәлімет
Бақша ғимараты үш қабатты. Балабақша 2021 жылы ашылған. Балабақша қуаттылығы 320 орындық ,қазіргі таңда 320 баламен,16 топ жұмыс жасайды. Балабақша 5 күндік жұмыс жасайды, сағат 08.00-бастап 18.30 ға дейін. Тәрбиеленушілер мемлекеттік тілде және орыс тілінде тәрбиеленуде. Бақшада қабылдау бөлмесі оқу-тәрбие, ойын бөлмесі, жатын бөлме, асхана, спорт залы, музыка залы, меңгеруші,әдіскер бөлмесі, медицина бөлмесі мен қоймалар бар.Материалдық-техникалық базасы стандартқа сай жабдықталған. Су, электр, жылу жүйесі орталықтандырылған. Балабақшада өрт, дабыл қондырғыларымен жабдықталған. Балабақшада медициналық кабинеті және оқшаулау бөлмесі жұмыс жасайды. Медициналық кабинет
12-қосымшаға сәйкес құрал-жабдықтармен жабдықталған.
Бақша ауласы көгалдандырылған, ағаштар егілген. Ауладағы ойын алаңы өз дәрежесінде жабдықталған. Жеке топтарға арналған ойын алаңдары, көлеңкелі қоршау (беседка) орындығымен, гүл алаңқайлары және балалардың денсаулығын нығайтатын, ойын құралдарымен жабдықталған.